Диляра Қайдарова: Елімізде 12 мыңға жуық қыз бала папилломаға қарсы екпе салдырды

582

Бұл туралы ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова "Қазақстан халқының Репродуктивті әлеуеті" ғылыми-практикалық конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Диляра Қайдарова: Елімізде 12 мыңға жуық қыз бала папилломаға қарсы екпе салдырды Фото: Джейн Демпстер

"Жатыр мойнының обыры – бүкіл әлемде ғана емес, елімізде де көп өлім-жітімге себеп болып отырғаны белгілі. Халықтың репродуктивті денсаулығын назарда ұстау үлкен маңызға ие. Дүние жүзінде жатыр мойны ісігіне шалдыққан 604 мың жағдай анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да аталған аурумен бірігіп күресуге шақырды. ДДСҰ алдағы 30 жылға арнайы бағдарлама да жасады. Біріншісі – 9-14 жастағы қыз балаларды адам вирусы папилломасына қарсы вакцинациялау. Бұл – екпе жатыр мойнының онкологиясынан қорғайтын жалғыз екпе", – деді ДСМ штаттан тыс бас онкологы Диляра Қайдарова.

Айтуынша, қатерлі дерттің алдын алудың тағы бір жолы – скринингтен уақытылы өту. Екіншіден – 30 жастан асқан әйелдерді скринингтен өткізу. Бұл тексерістен 30-70 жас аралығындағы бүкіл әйелдер қауымын қамтиды. Емханаларда мұның барлығы тегін. Үшінші жолы – обырдың алдын алатын процестерді емдеу. Еліміз осы жаһандық стратегияға қатысып отыр. Біз 2030 жылға қарай қыз балаларымыздың 90%-ы АВП қарсы вакцинациядан өтуі тиіс, – деді Диляра Қайдарқызы.

2013-2015 жылдары Қазақстанда 11 648 қыз бала АВП екпесін алған. Алдағы мақсат – 100 мың әйелге шаққанда жатыр мойны обырына шалдығу жағдайын 4 есеге дейін азайту.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу