Талдықорғанда арнайы орталық іске қосылды. Радиологиялық-ақпараттық кешен онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды 24.kz.
Орталық Алматы облысындағы 13 емдеу мекемесінің 70-тен астам қондырғыларымен байланысқан. Жасанды интеллект аппараттардағы ақпаратты жедел саралап, рентген суретінен ісіктің бар-жоғы, деңгейі туралы нақты ақпарат береді.
Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асқан. Жаңа бағдарламаны Түркия мемлекетінің мамандары қазақстандық әріптестермен бірлесіп құрастырған.
"Біздің елімізде диагностиканың ерте жасалуына екпін беру өте маңызды. Бұл жоба өкпе мен сүт безі обырын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл орталықтың пайдасы өте көп деуге болады", – ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.