Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды

176

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. 

Онкологиялық науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды Фото: freepik

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық және онкогематологиялық дертке шалдыққан пациенттер қажетті препараттармен уақытылы қамтамасыз етілетінін хабарлап отыр, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Дәрі-дәрмекті жеткізудегі кез келген үзілісті болдырмау үшін ведомство препараттарды уақытылы қамтудың тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды. Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Пациенттерге ыңғайлы болу және қажетті ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталығы жұмыс істеп тұр. Орталыққа қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға, оның ішінде емдеуден және көмектен бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу