Онлайн-агробиржа іске қосылды

603

Қызылорда облысында ауыл шауашылығы өнімін делдалсыз, әрі үстеме ақысыз сатуға мүмкіндік беретін онлайн-агробиржа жұмысын бастады.

Онлайн-агробиржа іске қосылды

Енді елде ауыл шауашылығы өнімін делдалсыз, әрі үстеме ақысыз сатуға мүмкіндік беретін онлайн-агробиржа іске қосылды, деп хабарлайды Atameken TV.

Әзірге электронды базар Қызылорда облысында жұмысын бастап отыр.

Онда тіпті өндіруші мен клиент арасында тікелей тауар сатып қана қоймай, сондай-ақ айырбас жасауға да жағдай жасалған. Техника мен қызметтер де саудаланады.

Облыстық ауыл шаруашлығы басқармасының басшысы Бақыт Жахановтың айтуынша, онлайн-агробиржада баға тек алушы мен сатушы арасында ғана бекітілмек. Әрі өнімнің қаншаға, қашан және кімге сатылғандығы жөнінде ақпараттар базада сақталып тұрады.

Бұған дейінгі жасалған саудаларда алып-сатарлардың өнім үстіне 70-80%-ға ақы қосатыны анықталған. Болашақта электронды агробиржада экспорттық келісімдер де жасалатын болады. Сондай-ақ, мобильді қосымшасы іске қосылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу