Онлайн депозитті қай банктен ашқан тиімді?

810

Пандемия кезінде онлайн қызметтердің маңызы артқан. 

Онлайн депозитті қай банктен ашқан тиімді?

Еліміздегі қаржы секторында онлайн-сервистердің драйвері – банк сегменті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың соңында мобильді және интернет-банкингті пайдалатындар саны 28,7 млн-ға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Мысалы, 2018 жылдың басында мұндай қызметті пайдаланатындар саны 10 млн-нан аспайтын. 

Бүгінде қазақстандық банктер қызметтердің барлық спектрін қашықтан ұсынып қана қоймай, онлайн-сервистерде клиенттерді ынталандыратын қосымша бонустар ұсынып отыр.

Нарықтағы ең қажетті өнімдерінің бірі – депозиттер. Онлайн-депозиттерді Қазақстандағы 11 екінші деңгейлі банк ұсынады. Олардың шарттар мен өнім желісі әртүрлі. 

Қазіргі таңда Банк Хоум Кредит (мұнда депозитті онлайн-ашу кезіндегі мөлшерлеме бөлімшелерге барған кездегіден де жоғары) пен Bank RBK онлайн-депозиттер нарығындағы ең жоғары мөлшерлемені ұсынады: толықтыру мүмкіндігі жоқ жинақ салымдары – 13,6% және толықтырылатын жинақ салымдары – 11,8%.
 
Сонымен қатар бұл банктерде осы сегмент үшін ең жоғары 9% мөлшерлемемен депозит ашуға және ондағы ақшаны алып, қайта толтырып, еркін пайдалануға әрі онлайн-әмиян ретінде қолдануға болады.

Елімізде таңдауға мүмкіндік беретін өнімдер мен тиімді онлайн-салымдарды тек 8 екінші дейгейлі банк ұсынады. 

Айта кетейік, 2021 жылдың наурызында Қазақстандағы жеке тұлғалардың салымдары 11,33 трлн теңгеге жетті. Екінші деңгейлі банктердегі депозит портфелінде халық салымының үлесі – 51,3%. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу