Онлайн еңбек ететіндер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады

Мысалы, Яндекс онлайн-платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына жатады. 

Онлайн еңбек ететіндер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады Фото: www.nur.kz

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде айтты.

1 шілдеден енгізілетін Әлеуметтік кодексте халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Олар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асады:

Бірінші – еңбек нарығын либерализациялау. Бұл икемді жұмыспен қамтылудың барлық түрлерін, соның ішінде платформалық жұмысты тануды білдіреді.

Осы мақсатта бұл санаттағы азаматтарды "тәуелсіз жұмыскер" деген атау енгізілді - бұлар табыс әкелетін еңбекпен айналысатын, бірақ тиісті уәкілетті органдарда ресми мемлекеттік тіркеуі жоқ тұлға ұғымы енгізілген болатын.

"Мұндай қызметкерлердің қызметі онлайн-платформалар офертасына қосылу немесе жария шарт жасасу арқылы атқаратын болса, онда бұл жұмыскерлер ресми жұмыспен қамтылды деп танылады. Мысалы, Яндекс онлайн-платформасына қосылған таксистер, Glovo платформасындағы курьерлер осы санаттағы жұмыскерлер қатарына кіргізіледі.

Онлайн-платформалардың операторлары қолданыстағы салық режиміне сәйкес жұмыскерлерге салық төлемдерді және әлеуметтік аударымдарды аударатын болады. Бұл ретте тәуелсіз жұмыскерлер жалдамалы жұмыскерлер секілді республикалық бюджеттен, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және сақтандыру компанияларынан әлеуметтік төлемдерді алуға құқылы болады.

Енгізілген оңтайлы режимдер бүгінгі қызметкерлерден қосымша тіркеуді талап етпейді және оларға қосымша қаржылық жүктеменің болмайтынын атап өткен жөн", - деді вице-министр.

Екінші бағыт жұмыс күшінің дағдыларының артуына қатысты.

Білім беру жүйесін жұмыс берушілердің қызметкерлерге қоятын талаптарымен байланыстыратын Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуға бағытталған "Кәсіби біліктілік туралы" заң әзірленді.

Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің техникалық тапсырмасына, яғни кәсіби стандарттарға сәйкес әзірленетін болады. Дағдылар мен құзыреттерді бағалау үшін сертификаттау жүйесі енгізілуде.

Үшінші бағыт – жұмыспен қамтудың цифрлық орталықтары.

"Бүгін азаматтарға жұмыс іздеу, жұмыссыз ретінде тіркелу, жұмысынан айырылған кезде арнайы төлемдерге өтініш беру процесстері толық цифрланып, Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге аса бастады. Осыған байланысты, Әлеуметтік кодексте аймақтардың ерекшелігін ескере отырып, өңірлік еңбек нарықтарын дамыту жөніндегі барлық бастамалар мен бағдарламаларды үйлестіретін территориалдық мобильді орталықтарды ендіру қарастырылып отыр", - деді Ақмади Сарбасов. 

Вице-министр сөз соңында Әлеуметтік кодекс жобасында көзделген жаңалықтардың басым бөлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген заңдар аясында қабылданып, биылғы жылдың

1 қаңтарынан бастап жүзеге аса бастағанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу