Қазақстандықтар онлайн жүйеде жаппай көлік сатып алып жатыр. Отандық автодилерлер қауымдастығының есебіне қарағанда, маусым айында электронды платформада берілген тапсырыс 1,5 есеге артыпты, деп хабарлайды Atameken Business.
Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин де бұл сегмет экономика үшін маңызды екенін ескертіпті, оны жетілдіре түсуге Орынбасары Роман Склярға тапсырма берген.
Сұраныс артқан көлік орталықтарының тізімі мынадай: бірінші орында - Audi Almaty. Мұндағы электронды сауда өткен айда 25%-ды көрсеткен. Мамырда – 20% шамасында тұрыпты. Дәл осындай көрсеткіш Porsche орталығына да тиесілі. Үштікті – Cadillac салоны түйіндейді. Онлайн тапсырыс – 33-тен 38%-ға дейін жоғарлаған.
Аймақтарға келсек, онлайн форматта көлік алған тұрғындардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал және Атыраудан.