Онлайн-касса мен POS-терминалдың есептілігін автоматты түрде толтыру қажет

913

Үкімет отырысында премьер-министр осындай тапсырма берді.

Онлайн-касса мен POS-терминалдың есептілігін автоматты түрде толтыру қажет

Елімізде "Е-Salyq Azamat" және "E-Salyq Business" мобильді қосымшаларын белсенді дамытуға басымдық беріледі. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрлық тәсілдерге сүйеніп, салықтық әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдету мен жұмсарту бойынша ұсыныс дайындауды тапсырды. Қаржы министрлігіне цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, блокчейн және үлкен деректер сияқты заманауи әдістерді пайдаланып, салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйелерін жаңғырту және оларды басқа мемлекеттік органдармен интеграциялау бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырамын!" – деді Асқар Мамин. 

Үкімет басшысының сөзінше, салық төлеушілер мен бизнеске ыңғайлы болу үшін әзірленген тегін "Е-Salyq Azamat" және "E-Salyq Business" мобильді қосымшаларын белсенді дамыту қажет. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында қаржы министрлігі жеке кәсіпкерлер онлайн-ККМ мен POS-терминалдарды пайдаланған кезде олардың есептілігін автоматты толтыру мәселесін сапалы пысықтауы қажет", – деді Асқар Мамин 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу