Келесі жылдан бастап жеңілдетілген салық жүйесімен жұмыс істейтін барлық кәсіпкерлер онлайн кассалық аппарат орнатуға тиіс. Үкіметте тиісті қаулы қабылданған, деп хабарлайды Atameken Business.
Жалпы мұндай бақылау-кассалық машиналар чектегі барлық ақпараттарды автоматты түрде салық органының деректер қорына жіберіп тұрады. Нәтижесінде кәсіпкердің төлейтін міндетті салық мөлшері есептеледі. Бұл көбіне қолма-қол ақшамен жұмыс істейтін бизнес нысандардағы кірістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Егер кассалық аппарат 2013 жылғы болса, іскер азаматтарға жаңа онлайн құрылғы сатып алудың қажеті жоқ. Тек мамандардың көмегімен кассалық аппаратты жаңартуға болады.
Мұндай онлайн аппараттардың қарапайым түрінен қандай айырмашылығы бар? Жаңа құрылғы орнатқан бизнесмендер қып-қызыл шығынға ұшырамай ма? Мұны Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманынан сұрап білдік. Толығырақ бейнематериалда ...