Онлайн-казино ұйымдастырушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады

249

Себебі республика аумағында онлайн-казиноларға тыйым салынған.

Онлайн-казино ұйымдастырушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады Фото: canva.com

Заңсыз ойын операторларына төлем жасауға тыйым салынады. Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заңсыз ойын операторларына төлем жасауға тыйым салынады. Өзекті мәселелердің бірі – интернет-казино мен заңсыз букмекерлердің қызметі. Қазақстанда онлайн-казиноларға тыйым салынған, букмекерлік қызмет үшін лицензия қажет. Заң күшіне енгеннен кейін онлайн-казино ұйымдастырушылары Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады", - деді Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.

Спикердің қазақстандықтардан шетелдік интернет-казиноларға және заңсыз букмекерлік сайттарға кірмеуін сұрады. Айтуынша, көптеген танымал сайтт Қазақстан аумағында заңсыз болып есептелінеді.

Айта кету керек, осыған дейін құмар ойын ойнаған мемлекеттік қызметшілер жұмыстан шығарылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу