Онлайн махаббаттың әлегі: Ақтөбеде зейнеткер алаяққа алданды

798

Ақтөбеде өзін "АҚШ-тың отставкадағы офицері" ретінде таныстырған алаяқ зейнеткер әйелді 1 миллион теңгеге тақырға отырғызды.  

Онлайн махаббаттың әлегі: Ақтөбеде зейнеткер алаяққа алданды Фото: pxhere.com

Қаражат қолына тигеннен кейін ер адам байланысқа шықпай қойған. Алданғанын түсінген әйел дереу полицияға жүгінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық полицияның мәліметінше, 62 жастағы әйел әлеуметтік желілердің бірінде шетелдік азаматпен танысқан. Ер адам өзін америкалық әскери офицер ретінде таныстырып, екеуі ұзақ уақыт хат алмасқан. Ол жылы сөздерімен баулап, болашақта кездесетінін айтқан.

Кейін күдікті қаржылық қиындыққа тап болғанын айтып, Қазақстанға келген соң ақшаны толық қайтаратынын жеткізген. Сеніп қалған әйел оған бірнеше рет ақша аударған.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция интернет арқылы танысқан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуге, жеке және банк деректерін құпия ұстауға және күмәнді өтініштерге сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу