Өткен аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған агенттік төрағасы Мәдина Әбілқасымова микроқаржылық қызметті лицензиялау аяқталғаны туралы баяндап, онлайн-несие рәсімдеу кезінде клиенттердің мәліметтерін қашықтан сәйкестендіру тетігі күшейтілгенін айтты. Бұл шара біреудің атына несие рәсімдеу фактілерін азайтуға мүмкіндік бермек. Оның нәтижелілігін алдағы уақытта белгілі болар. Бір анығы, алаяқтардың арбауына өздері білмей түсетіндер саны әлі де көп.
Ақпарат үшін айта кетейін, былтыр мыңнан астам жалған несие берілген. Оның жалпы сомасы 78 млн теңгегеге жетеді. Ішкі істер министрлігі мамандарының дерегінше, жалпы интернет арқылы жасалатын қылмыстар саны екі есе артып, 450 адам жауапкершілікке тартылған. Онлайн-несие рәсімдейтіндер қатарында өзге елдердің де азаматтары бар. Осы орайда микронесие беруді мүлде тоқтату керек шығар деген ой туындайды.