Онлайн несие рәсімінің 2 сатылы аутентификациясы енгізілуі қажет

1008

Алаяқтық жасау артқандықтан онлайн несие тәртібін шұғыл өзгерту керек, деп хабарлайды  Atameken Business.  

Онлайн несие рәсімінің 2 сатылы аутентификациясы енгізілуі қажет

 Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев осындай ұсыныс жасап, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымоваға депутаттық сауалын жолдады. Әйтпесе, соңғы уақытта шағын несие беруші ұйымдар арасында заңсыздыққа бару күшейіп, тіпті бір адамның атына бірнеше несие рәсімдеу фактісі тіркелген. Мәселен, 2019 жылы интернет алаяқтыққа байланысты 7 мың қылмыс болса, 2020 жылы бұл сан екі есеге артып, 14 мыңнан асқан. Жеке микрокредиттік ұйымдар тарапына 3 мың заң бұзушылық анықталған. Қазір өзгенің кесіренен несиелік тарихына зиян келген азаматтар оны сот арқылы түзетуге мәжбүр. Бұл тұста депутат агенттік онлайн несие беру рәсімдерін қысқа мерзімде қайта қарап, оған 2 сатылы аутентификациялауды енгізу қажет екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу