Онлайн ойын жарнамасынан ақша тапқан 37 блогер қандай жазаға тартылады?

179

Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.  

Онлайн ойын жарнамасынан ақша тапқан 37 блогер қандай жазаға тартылады? Фото: inbusiness

Қаржылық мониторинг агенттігі құмар ойындарды жарнамалаған 37 блогерге қатысты материалдарды уәкілетті органдарға жіберді.

Бұл туралы ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тамыз айының соңында құмар ойындарды жарнамалаған 34 блогер жазаланатыны туралы ақпарат шыққан болатын.

"Біз 34 емес, 37 блогерге қатысты материалдарды уәкілетті органдарға жібердік. Оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелерін жүргізіп жатыр. Қалғандарын қазір ғана айтып кеткен фамилияларды өзіңіз естідіңіз. Жанәбілов бойынша соттың шешімін күтіп отырмыз. Заң күшіне енгеннен кейін қылмыстық жауапкершілікті қарастырамыз", – деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Журналистер бұл блогерлер қандай жазаға тартылуы мүмкін екенін нақтылады.

"37 блогер бойынша әкімшілік жауапкершілік, онда айыппұл көзделген. Бірінші рет жасалған болса – 300 АЕК, ал екінші рет қайталаса – 750 АЕК. Қылмыстық жауапкершілікке келетін болсақ, ол жерде әлі дәлелдеу керек. Сол дәлелдегенге байланысты қандай санат береміз, қай қылмыстық кодекстің бабымен тартамыз, сол кезде ғана білуге болады", – деп атап өтті Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.

Айта кету керек, бұған дейін Жанәбіловтерге қатысты іс Қаржылық мониторинг агенттігіне әлі түспегенін жазғанбыз. 

Бұдан бөлек агенттік Атырау облысындағы стоматологиялық клиникалар бойынша қылмыстық тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу