Kaspersky жүргізген сауалнамаға сәйкес, ата-аналардың 88% қашықтан оқыту барысында балалар гаджеттерге көп уақыт жұмсайды деген.
"Сондай-ақ ата-аналардың 72% пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту кезінде онлайн сабақтарға қосылуда техникалық проблема болғанын, ересектердің 56% бұл мәселені шешуге көмектескенін айтқан. Ата-аналардың 49% балаларын онлайн оқыту үшін гаджеттерді сатып алуға немесе жалға алуға мәжбүр болған. Олар 60% жағдайда смартфонды алған", - деп жазылған хабарламада.
Компанияның Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубановтың айтуынша, балалар интернетте алаяқтарға тез алданады.
"Сондықтан біз ата-аналарға балаларының интернетте не істеп жатқанын бақылауға, олардың онлайн-қауіпсіздігіне мән беруге шақырамыз", - деді директор.