Онлайн-петициялар инстиуты құрылсын – Қасым-Жомарт Тоқаев

983

"Мемлекеттік органдардың жұмысында жасандылық көп".

Онлайн-петициялар инстиуты құрылсын – Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы азаматтардың әлеуметтік желідегі шағымдары мен ұсыныс-тілектерін талдайтын институт құруды тапсырды.

"Мойындау керек, формализм мен баяулық мемлекеттік органдардың жұмысында әлі де кеңінен кездеседі. Азаматтар өздерінің қордалы проблемаларының шешімін орталық биліктен талап етуге, мемлекет басшысына шағымдармен жүгінуге мәжбүр. Сондықтан жергілікті басшыларға көбірек өкілеттік пен жауапкершілік жүктелуі керек.  Әлеуметтік желілердің арқасында жер-жерде шешімін таппаған проблемалар бүкіл елге белгілі болып жатады. Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарды білдіруге арналған бірыңғай, легитимді онлайн-петициялар инситутын құру қажет. Мұндай механизм қандай да бір манипуляциялардан толықтай қорғалған болуға тиіс. Үкіметке азаматтық қоғаммен бірлесе әрекет ете отырып, осы маңызды жобаға қатысы бар нормативтік-құқықтық база құрып, барлық техникалық мәселелерді шешу керек", – деді Президент.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу