Онлайн сабақ өткізу мәселесін міндеттемеу керек – Асхат Аймағамбетов

2280

Білім және ғылым министрі интернет арқылы тікелей қосылу кезінде туындаған мәселелерге тоқталды.  

Онлайн сабақ өткізу мәселесін міндеттемеу керек – Асхат Аймағамбетов

 "1 сәуір күні "Күнделік", "Bilim Lend", Skype, Zoom жүйесі, әр түрлі месенджерлер арқылы  сынама сабақтарын өткіздік. Еліміз бойынша сынама сабақтарға 2,5 млн бала қатысты. Сол сынама сабақтарға тек қана онлайн режимде 1 млн 250 мың бала шығып, өздерінің дәрістерін оқып көрді. Ата-аналар, балалар икемделуі үшін және сабақ барысында қандай ақау  болатынын көрдік, техникалық мәселелерді байқадық. Нәтижесі – дайындық жақсы. Ұстаздар қысқа мерзім ішінде шеберліктерін шыңдап, дайын болды деп айта аламыз. Барлық ұстаздарға, әріптестеріме алғысымды айтқым келеді. Дегенмен, біршама мәселені көрдік. Көптеген онлайн қосылуды жүйе көтермейді, көп ыңғайсыздықтар болды. Техникалық ақаулар жеткілікті, интернет бұл жүйені көтере алмады. Сондықтан онлайн оқытудың орнына мен айтқан платформалар арқылы қашықтан оқытуды жүргізуіміз қажет. Ата-аналар жиналысында да осындай ұсыныстар түсті. Осы ұсыныстармен келісіп, онлайн сабақ өткізу мәселесін біріншіден міндеттемеу керек, екіншіден жалпы қолдану мәселесін тоқтату керек. Сондықтан онлайннан гөрі бізге тиімдісі – платформалар арқылы жұмыс істеу", – деді министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу