Онлайн санақ тоқтады

1138

Халық санағының сауалдарына қазақстандықтардың 39,6%-ы онлайн режимде жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ұлттық статистика Бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онлайн санақ тоқтады

"16 қазаннан бастап санақ сауалдарына онлайн режимде жауап беру функциясы тоқтатылды. 45 күн ішінде халқымыздың 40%-ы (39,6%-ы немесе 7527458 адам) жуығы санақтан өтудің осы жолын таңдады. Ал біздің интервьюерлер 3 миллион 792 мыңнан аса адаммен сауалнама жүргізген. Осылайша, санақтан өткендер үлесі 60%-ға жетті", – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Онлайн санақтан өтпегендер қазанның 30-ына дейін үйлерді аралайтын интервьюерлердің көмегімен шараға қатыса алады. Онлайн өткендер тиісті хабарламаны интервьюерлерге көрсетуге тиіс. Оларға сауалнама қайта жүргізілмейді. Санақшыларда Халық санағының логотипі бедерленген көк түсті шарф пен сөмке, планшеті және санақ қызметкері екенін растайтын куәлігі болады. Ол куәліктегі тіркеу нөмірі арқылы интервьюер туралы мәліметтерді sanaq.gov.kz сайтында тексеру мүмкіндігі бар. Одан бөлек, 1446 нөміріне хабарласуға болады. Байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, санақтың негізгі кезеңі аяқталған соң, қарашаның 1-7 аралығында санақ өткізу әдістемесіне сәйкес, бақылау аралау қарастырылған. Бұл кезеңде шамамен 10% респондент қамтылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу