Онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты

762

Қазақстанда онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz  Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онлайн-санақтан өткендердің саны 1 миллионнан асты

"Қазіргі уақытта онлайн-санақтан өткен адамдардың саны бойынша екі мегаполистің тұрғындары, атап айтқанда Алматы мен Нұр-Сұлтан көш бастап тұр. Ең аз сан Солтүстік Қазақстан мен Атырау облыстарында тіркелді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта респонденттерге халық санағын онлайн өту үшін бірнеше платформалар ұсынылған: sanaq.gov.kz мамандандырылған сайты, E-Gov порталы және Aitu қосымшасы.

1 қыркүйекте республикада ұлттық санақ басталды. Оны онлайн режимінде толтырмағандар 1-30 қазан аралығында интервьюерлермен сұхбат алады.

Қазіргі таңда Қазақстан халқы 19 миллион адам.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу