Онлайн сауда жасаймын деп сан соғып қалатындар бар

354

Интернет-алаяқтықтың ең көп саны онлайн-сауда саласында көрінеу жалған хабарландырулар орналастыру арқылы жасалады. 

Онлайн сауда жасаймын деп сан соғып қалатындар бар Фото: canva.com

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев Мәжілісте өткен комитет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биылғы қаңтар айында осындай 1334 интернет алаяқтық тіркелді. Алаяқтар хабарландыру сайттарында шетелдік нөмірлерді немесе бөгде адамдарға ресімделген қазақстандық нөмірлерді авторизациялау үшін пайдаланады. Бұл мәселені онлайн-сауда алаңдарымен ("Колеса", "Крыша", "Маркет", "ОЛХ", "Каспи", "Озон"және т. б.) бірлесіп пысықтау қажет. Әрине, аталмыш ресурстардың иелері көрінеу жалған хабарламаларды анықтау үшін шаралар қабылдап жатыр, оның ішінде сайтқа түсетін арыздар ескеріледі. Бірақ хабарламалар жарияланған сәттен бастап бір емес ондаған азамат сан соғып қалуы да мүмкін", - деді вице-министр.

Айта кету керек, осыған дейін биыл 3645 интернет-алаяқтық дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу