Онлайн-тіркеу 18 қаңтарда іске қосылады

883

Онлайн-тіркеу 18 қаңтарда іске қосылады

Электрондық үкіметтің сайтында уақытша келген жеріне онлайн-тіркеу сынақ түрінде іске қосылды. Ол ертең, 18 қаңтардан бастап толықтай жұмыс істей бастайды. Бұл туралы ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

 "Егер бәрі сынақтан сәтті өтетін болса, онда онлайн-тіркеуді пилоттық режимде ертеңнен бастап іске қоса аламыз. Қазір сынақ жүргізіліп жатыр, жұмысқа барған соң қалай жұмыс істеп тұрғанын тексеремін, сосын бұл туралы жазамын немесе жариялайтын боламын", – деді  Абаев үкімет отырысының сыртында.

Күштік құрылым басшысы атап өткендей, ХҚКО жүгінген азаматтардың жартысы мүлдем тіркеуде болмаған.
"Тіркелуге келген 100 пайыздың 50-і тұрақты тіркеуге тұруға келгендер. Яғни олар мүлдем тіркеусіз тұрып келген. Онлайн-режим бүгіннен бастап сынақ режимінде іске қосылады. Бәрі ретке келеді деп ойлаймын", – деп атап өтті Қасымов.

Естеріңізге сала кетейі, бұған дейін ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев азаматтарды онлайн-тіркеудің жоқтығына наразылық білдірген болатын.  

Алматыда ХҚКО келген екі адам көз жұмған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу