Онлайн жәрмеңкеде 540 адам өз түйіндемесін жұмыс берушілерге жіберді

452

Іс-шараға жұмыс іздеп жүрген 3,7 мыңнан астам адам қатысқан. 

Онлайн жәрмеңкеде 540 адам өз түйіндемесін жұмыс берушілерге жіберді Фото: google

Tanda.Enbek.kz порталында өткен онлайн бос орындар жәрмеңкесі барысында 540 адам өз түйіндемелерін жолдады, деп жазады inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 29 наурыз күні Tanda.Enbek.kz порталында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының онлайн-жәрмеңкесі өтті. Оған 22 ірі отандық ұйым 50-ден астам кәсіп бойынша 700-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

"Бос жұмыс орындарының көпшілігі слесарь, электр газбен дәнекерлеуші, инженер-реттеуші, қалыптаушы, токарь, инженер-технолог және т. б. сияқты техникалық мамандықтарға жатқызылды. Жұмыс іздеушілер жәрмеңкеге қатысқан барлық кәсіпорындардың HR-менеджерлерімен сөйлесуге, Tanda.Enbek.kz порталындағы жеке кабинетте онлайн-чат арқылы жұмыс шарттары мен бос жұмыс орындары бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу