Оңтүстік Африка астанасындағы өрттен 60-тан астам адам қаза тапты

306

Йоханнесбург қаласының орталығындағы бес қабатты ғимаратта болған өрттен кем дегенде 63 адам қаза тапты. 

Оңтүстік Африка астанасындағы өрттен 60-тан астам адам қаза тапты Фото: nv.ua

CNN арнасының хабарлауынша, өрт сөндірілді. Құтқару операциясы әлі де жалғасып жатыр. Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен үлкен қызғылт сары жалын атқылап жатқаны түсірілген видеолар тарады.

Қалалық құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Роберт Мулодзидің айтуынша, бес қабатты ғимаратты бірнеше жүздеген заңсыз қоныстанушылар (басқыншылар) басып алған. Йоханнесбург төтенше жағдайлар департаменті өрт бейсенбі түнгі 1:30 шамасында басталғанын және тез тарағанын хабарлады.

"Қазір өрттің себебі әлі зерттеліп жатыр. Йоханнесбург қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері зардап шеккен отбасыларға көмек көрсете бастады", - делінген қалалық төтенше жағдайлар қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу