Оңтүстік Африка Республикасында 10 жылдағы алғаш рет қар жауды

1322

Синоптиктердің пікірінше, қарлы маусым бұл аймақта тағы бір аптаға созылады. 

Оңтүстік Африка Республикасында 10 жылдағы алғаш рет қар жауды Фото: Судово-юридична газета

Билік Оңтүстік Африка елінде мұндай қар аралас аяздың соңғы жылдары болмағанын ескеріп, тұрғындарға жылы киінуге кеңес берді, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасай отырып. Шілде айы мұнда ең суық кезең - қыстық маусым деп саналады, бірақ, әдетте, қар жаумайтын.

Йоханнесбург тұрғындары қарлы көшелерге — олардың ендіктерінде сирек кездесетін көрініске таңдана қарап, тамсанғандары байқалады.

"Кейбір оқушыларды қармен жақынырақ танысуға алып шықтым, кейбіреулер қардың не екенін біледі, ал басқалары бұл жай ғана жаңбыр деп ойлаған", - деді бастауыш сынып мұғалімі Агнес Мидева.

Үй қызметкері Нобухоси Стомпи ВВС-ге қарлы жолмен жұмысқа бара жатқанын және мұндай нәрсені ешқашан көрмегенін айтты.

"Біздің үйлеріміз жылы, сондықтан бәрі жақсы", — деді қамқоршы Билли Нксумало. "Қар молынан жауып, айналамыз ақ кілеммен жабылғандай болды - өте әдемі көрініс".

Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында қар жауды, соның ішінде Шығыс Кейп, Мпумаланга және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағы. Метеорологтар фермерлерге малға қолайлы жылы үй-жайларды табуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу