Оңтүстік Африка Республикасында толассыз нөсердің соңы лай көшкініне ұласып, салдарынан 60 адам бақилық болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Елдің шығысын мекендеген мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіп жатыр. Себебі баспаналары құлап, далада қалды. Халықтың жағдайын көруге келген Президент оларға үкімет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.
"Біз шамамыз келгенше қолдау жасаймыз. Жергілікті және ұлттық деңгейде нақты көмек көрсетеміз",– дейді ел президенті Сирил Рамафоса.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада қатты дауылдан кейін шіркеу ғимараты опырылып түсіп, 13 адам қайтыс көз жұмған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу