Оңтүстік Африкада тырысқақ ауруынан 17 адам қайтыс болды

394

Инфекция тағы 29 науқаста расталды.

Оңтүстік Африкада тырысқақ ауруынан 17 адам қайтыс болды Фото: google.com

Оңтүстік Африканың Хамманскраале елдімекенінде 17 адам тырысқақтан қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі "Синьхуа" агенттігіне сілтеме жасап.

Гаутенг провинциясының Денсаулық сақтау департаменті берген мәлімет бойынша, осы уақытқа дейін тырысқақ ауруы 29 адамда тіркелді.

Ауру анықталғаннан бастап Хамманскрааледе 165 адам ем алды.

Еске салайық, Оңтүстік Африкада тырысқақ ауруының алғашқы екі жағдайы ақпан айының басында анықталды. Ал алғашқы өлім ақпанның соңында тіркелді.

Жергілікті департаментінің өкілі диарея, жүрек айну, құсу, асқазанның құрысуы және дегидратация сияқты белгілері бар адамдарды жақын маңдағы медициналық мекемелерден көмек сұрауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу