Ақпан айында басталған эпидемия салдарынан Оңтүстік Африкада қайтыс болғандар саны 31-ге дейін өсті, деп жазады Inbusiness.kz жергілікті биліктің деректеріне сілтеме жасай отырып.
Гаутенг провинциясында тырысқақтан 29 адам қайтыс болды, Фри-Стейт штаты мен Мпумаланга провинциясында да бір жағдайдан тіркелген. Оңтүстік Африкада 166 тырысқақты жұқтыру жағдайы зертханалық жолмен расталған, тағы 202-сі дәрігерлермен тексеріліп жатыр. Бұған дейін билік 22 адам қайтыс болды деп жариялаған болатын.
Оңтүстік Африка Президенті Сирил Рамафоса бейсенбіде эпидемияның ошағына айналған Хамманскраале қаласына барды.
Президент билік тырысқақ ауруымен мүмкіндігінше тезірек күресу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын айтты.