Оңтүстік Африкадан шыққан жаңа коронавирусқа атау берілді

1006

Қазіргі вакциналар одан қорғай ма? 

Оңтүстік Африкадан шыққан жаңа коронавирусқа атау берілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) қарашада Оңтүстік Африкада тіркелген коронавирустың жаңа штаммына грек алфавитінің 15-ші әрпі – "Омикрон" атауын берді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі ИНТЕРФАКС-қа сілтеп.

"ДДҰ B. 1.1.529 штаммын "алаңдаушылық тудыратын нұсқа" деп таныды. Ол "Омикрон" деп аталды", – деп жазылған халықаралық ұйымның хабарламасында.

Бұл штаммның "көптеген мутациясы бар" екен. Дегенмен оны қазіргі ПТР-тестілері арқылы анықтауға болады. 

Еске саламыз, ДДҰ штамдарды географиялық белгілері бойынша атамауды, оларды грек алфавитінің әріптерімен белгілеуді енгізген.

Айта кетейік, бұл штамм Оңтүстік Африка, Ботсвана, Израиль және Гонконгқа Оңтүстік Африкадан келген туристерден табылған. Бельгияда да анықталған.

Жаңа нұсқада 32 мутация бар делінеді. Бүкіл әлем сарапшылары жаңа штамм туралы ақпарат жинап жатыр. Қазір қолданылып жүрген Covid-19 вакциналары одан қаншалықты қорғайды. Міне, осыны анықтау басты міндет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу