Оңтүстік Америка COVID-19 індетінің жаңа ғаламдық эпицентріне айналды

1253

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлім етті.

Оңтүстік Америка COVID-19 індетінің жаңа ғаламдық эпицентріне айналды

"Оңтүстік Америка аурудың жаңа ошағына айналған сыңайлы. Оңтүстік Американың көптеген елінде бұл індеттің өсіп келе жатқанын байқап отырмыз", –деді ДДСҰ төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майк Райан баспасөз конференциясында.

Бүгінгі күні Бразилия әлемдегі инфекция жұқтырғандар саны көп елдердің тізімінде үшінші орында тұр. Бразилияда 314,7 мың адамнан коронавирус анықталып, 20,2 мың адам қайтыс болды. Перу Республикасында COVID-19 жұқтырғандар саны 108,7 мыңға жеткен. Перуде 3,1 мыңнан астам адам қайтыс болды. Чилиде инфекция 61,8 мың адамнан табылып, 630 адам көз жұмды. Ал Эквадорда коронавирус жұқтырғандар саны – 35,8 мың. Бұл елде 3 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Фото: 123ru.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу