Алматыда балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

159

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар жаңа құрылымдық бөлімшені құру бастамасын қолдады.    

Алматыда балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл шешім ҚР Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау аясында және Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аталған өзгерістер жергілікті деңгейде балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнаулы органдарды құруды көздейді.

Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев мегаполис жағдайында профилактика, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.

Жаңа басқарма Алматыда балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау жұмысын күшейтеді.

Айта кетейік, мәслихаттың бүгінгі отырысында қала басшысы Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданының жаңа әкімін тағайындап, көпшілікке таныстырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу