Оңтүстік астананың негізгі капиталына 900 млрд теңге инвестиция салынған

622

Жыл басынан бері Алматыда 90 инвестициялық жобаны жүзеге асырылуда. 

Оңтүстік астананың негізгі капиталына 900 млрд теңге инвестиция салынған

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мегаполис экономикасын тұрақтандыру мен дағдарысқа қарсы шаралар туралы ойын ортаға салды. 

"Өнеркәсіп, байланыс, құрылыс салаларында экономикалық өсім сақталған. Мысалы, өнеркәсіп 4,3%-ға, құрылыс 11,8%-ға, пайдалануға берілетін баспана көлемі 3,6%-ға, байланыс қызметтері 8%-ға өсті", – деді шаһар әкімі. 

2020 жылы мегаполистің негізгі капиталына 719,2 млрд теңге инвестицияланды, оның басым бөлігі жеке инвесторлардың қаражаты. Инвестициялардың негізгі бөлігі жылжымайтын мүлікке тиесілі (44,9%). Қалған бөлігі өнеркәсіп (13,8%), көлік және қаттау (9,6%), Денсаулық сақтау және әлеуметтік сала (6,2%), қаржы және сақтандыру қызметіне (6%) бөлінді.

"Жыл қорытындысы бойынша Алматыда құны 176,2 млрд теңге болатын 90 инвестициялық жоба іске асырылып, нәтижесінде 7,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Мегаполистің негізгі капиталына салынған инвестициялардың жылдық көлемі 900 млрд теңгеге бағаланып отыр", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сонымен қатар 3 желтоқсанда онлайн-форматта өткен инвестициялық форумның нәтижелері бойынша 1,5 трлн теңге сомасына 55 меморандум жасалған. Осылайша 2020 жылы пандемияға қарамастан Алматыда инвестициялық төмендемеген. 

"Дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау нәтижесінде қала экономикасы тұрақтандырылды. Осылайша, қала эпидемиядан кейінгі кезде тез қалпына келтіру әлеуетін сақтайды", - деп қорытындылады қала әкімі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу