Оңтүстік астананың жаңа тұрғын үй қоры 1,7 млн шаршы метрге ұлғайды

Алматыда халық пен мегаполис аумағы қарқынды өсуде.  

Оңтүстік астананың жаңа тұрғын үй қоры 1,7 млн шаршы метрге ұлғайды Фото: Abai.kz

2022 жылы 1,7 млн  шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады экономика басқармасының басшысы Дастан Өмірбаев мәслихаттың VI сессиясында.

"Қала тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету үшін 410 шақырымнан астам инженерлік желілер салынды және қайта жаңартылды. Жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы өмір сүруге қолайлы жағдай жасауды қажет етеді. Осыған орай, 2022 жылы Алматыда 20 орта білім беру нысаны мен 108 балабақша пайдалануға берілді", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу