Оңтүстік диқандары таңқурайдан табыс тауып отыр

930

Оңтүстік диқандары таңқурайдан табыс тауып отыр

Қазығұрттық диқандар таңқурай өсірудің тың әдісін меңгеруде. Жігірген ауылының тұрғыны Еркін Шералиев жидектің әр түбінен 3 келі өнім алуға ниетті. "Нұр-Айдар" шаруа қожалығының төрағасы бұл істі ауданда алғашқы болып, қолға алып отыр, деп хабарлайды shymkenttv.kz.

Жергілікті тұрғындар таңқурайды гүлдеу алдында және жидектерінің дамуы кезінде суғарады. Су сіңген соң атызын жауып, топырағын қопсытады. Жердің жоғары қабатын арамшөптерінен және тамырлардан тазартады. Таңқурай егуде органикалық және минералды тыңайтқыштар қолданылады. Жігірген жидегін баптауға ауылдың 30-дан астам тұрғыны жұмылдырылған. Топырағы жақсы тыңайған кезде таңқурай екі айда бір өнім береді. Қожалық басшысы дайын өнімді көтерме бағамен саудалауды көздеп отыр. Дәрумен жеміске жеңсік адамдар көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу