Еліміздегі ең қымбат жарық пен көгілдір газды оңтүстік өңір тұтынады. Бұл қымбатшылық, әсіресе, кәсіпорындарға салмақ салып отыр.
Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бизнес өкілдерімен кездесіп, шаруалардың ісіне қолбайлау болып отырған түйткілдерді ортаға салды.
Жиналғандар коммуналдық мәселелерді көтеріп, оңтайлы шешіп беруін сұрады. Облыс әкімі Шымкентте отандық тауарларды жарнамалау мақсатында көрме үйі ашылатынын жеткізді. Сондай-ақ, бизнесмендерге тосқауыл болатын әкімшілік кедергілерді жойып, кәсіпорындарды қажетті мамандармен қамту мәселесін де шешу керегін айтты.
Otyrar.kz
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу