Имамдарға тұңғыш рет жалақы тағайындалды. Бүгін ОҚО-ның бас имамы дін қызметкерлеріне алғашқы айлықтарын табыс етті. Қаржылай көмекті республикалық "Уақып" қайырымдылық қоры бөлді. Ай сайын берілетін ақшаның көлемі 50 -60 мың теңгенің айналасында, деп хабарлайды TVK арнасы.
"Алла қаласа ендігі айдан бастап алыс- жақын ауыл имамдарына ай сайынғы қаржылай көмек берілетін болады. Ол 50 мен 60 мыңның арасында. Бұл республика бойынша біздің облыстан бастау алды. Кейбір алыс аймақтағы молдаларға карточка арқылы аударылатын болады", - деді облыстық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек.
Әзірге қайырымдылық қордан бөлінген ақша өңірдегі имамдардың 10 пайызына берілді. Ал 2018 жылдан бастап барлық дін қызметкерлеріне тұрақты жалақы төленетін болады.
Діни басқарманың мәліметінше елімізде бүгінге дейін 2563 мешіт бой көтерген. Соның 817-і Оңтүстікте орналасқан, онда 1782 имам қызмет жасайды.