"Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт үш аптадан бері сөнбей тұр

514

9 маусымда Бозашы мұнай түбегіндегі "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнында басталған өрт әлі сөнбей жатыр.

"Оңтүстік Қаратұрын" кен орнындағы өрт үш аптадан бері сөнбей тұр            Фото: лада кз

Үш аптадан бері қызыл жалынды ауыздықтауға ұмтылған мамандарда нәтиже жоқ. 

1200 метр тереңдікте ұңғыманы бұрғылау жұмыстары қолға алынбақ. Ал кен орнында қызмет көрсететін мердігер мекеме қызметкерлер санын қысқартуға мәжбүр. Жұмыстан шығарылған 130 азаматты "Бозашы" ЖШС жұмысқа алады.

"Айдеко-160" бұрғылау станогын монтаждау және ұңғыманы салу үшін жол мен алаң құрылысы аяқталды. Қазір бұрғылау станогын жұмылдыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Жұмыстың 45 пайызы орындалды. Аптаның соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бір мезгілде екінші станок үшін екінші алаңның құрылысын бастау және әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", – дейді "Бозашы мұнай" ЖШС бас директорының стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Данияр Дүйсембаев.

 

Естеріңізге сала кетейік, өрт "Оңтүстік Қаратұрын" мұнай-газ кен орнында 9 маусым түнгі сағат 03.25-те ұңғыманы бұрғылау жұмыстары кезінде, №303 ұңғымадағы бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылауы салдарынан пайда болды. Бір адам зардап шекті.

13 маусымда өртке 302 текше метр ерітінді төгілді. Бірақ қызыл жалынның сөнетін түрі жоқ.                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу