Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаумен ауырғандардың саны көбейді

1496

Оңтүстік Қазақстан облысында тұмаумен ауырғандардың саны көбейді

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл тұмаудың RS вирусы, парагрипп, адане вирустық инфекциясы өршіп тұр. Шаһардағы жұқпалы аурулар ауруханасына күніне 50-60-тан астам науқас жедел жәрдеммен жеткізіліп жатыр. Бұл туралы аурухананың бөлім меңгерушісі Гүлнар Исабаева мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы тұмау мен жедел респираторлық вирусты инфекцияға шалдыққандардың дені балалар екен. Ақ халаттылар тұрғындарға тұмаудың алдын алу үшін бірінші кезекте екпе жасау керек дейді. Сонымен қатар мамандар көпшілік орындарға кішкентай балалармен бармауға кеңес береді. Жұқпалы ауруға қарсы дәрі-дәрмектен бұрын сарымсақты қолданған жөн дейді. 

"Қыс маусымы жедел респературалық вирусты инфекция маусымы деп саналады. Науқастардан тұмауға қарсы сынамалар алынады. Ол сынамалардан вирустың басқа түрлері анықталып отыр. RS вирусы, парагрипптер шығып отыр.  Адане вирустық инфекциясымен ауырып жатқандар да келеді", – деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бөлім меңгерушісі Гүлнар Исабаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу