Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіруге ниетті

1226

Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіруге ниетті

​Кәсіпкерлер Атырау облысына тұрғындар пікірін білу мақсатында өнімнің алғашқы бөлігін әкелді. Оңтүстіктен әкелінген жемістер Атыраудағы "Сарайшық" коммуналдық базарында арзан бағамен сатылуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

​Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген 18 тонна алманың алғашқы топтамасы "Сарайшық" базарына 20 қаңтарда саудаға шығарылды. Жеткізушілер қалалық әкімдікпен келісім-шартқа отырып, жемістерге нарық құнынан төмен баға бекіткен.

"DALA-FRUIT" компаниясының басшылығы тұрғындардың отандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалалық әкімдікке өтініш білдірді. Қазір Атырауға  бірінші сұрыпты алманың үш түрі әкелінді, олар базар нарығынан 15-20 пайызға арзанға сатылады, - дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

Компания мұнайлы өңірге 18 тонна алма әкелген. Коммуналдық базарда оңтүстіктен келген алмалардың бір килограмы 230 теңгеден сатылуда. Негізі алманың орташа бағасы – 400 теңге. Сатылымның алғашқы күнінен бастап тұрғындардың отандық өнімге деген сұранысы жоғары екені байқалды. Жарты күннің ішінде бір тоннаға жуық алма сатылған.

​Егер өнімнің сапасы мен бағасы тұрғындардың көңілінен шықса Атырауда алғашқы алма бағы болуы әбден мүмкін. Компания өкілдері алманы Атырауда да өсіруге ниетті. Облыстық әкімдік хабарлағандай, кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу