Оңтүстік Корея 2050 жылға қарай пластикалық қалдықтардан бас тартпақ

983

Халықаралық жағалау тазарту күні қыркүйектің үшінші сенбісінде өткізіледі.

Оңтүстік Корея 2050 жылға қарай пластикалық қалдықтардан бас тартпақ

Корея Республикасы 2030 жылға қарай пластикалық қоқыс көлемін 60%-ға, ал 2050 жылға қарай 100%-ға қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz ел президенті Мун Чжэ Ин мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Пластик қоршаған ортада шамамен 450 жыл бойы ыдырайды, ал микропластика тек теңіз жануарларына ғана емес, адам денсаулығына да қауіп төндіреді. Осы орайда Оңтүстік Корея әлемдік мұхитты ластайтын пластикалық қалдықтар мәселесін шешу үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтады", –  деді ол.

"Корея Республикасы 2030 жылға қарай мұндай қоқысты 60%-ға азайтып, осы ғасырдың ортасына қарай одан тіптен бас тартады", – деді мемлекет басшысы.

Ескере кететін жайт, халықаралық жағалау тазарту күні қыркүйектің үшінші сенбісінде өткізіледі. Оның мақсаты – адамдарды әлемдік жағажайларды тазартуға шақыру. Оңтүстік Корея бұл шараға 2001 жылдан бері қатысып келеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: greenpeace.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу