Бұл туралы сейсенбіде АҚШ Қорғаныс министрлігінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық агенттігі хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
Агенттік үкіметаралық келісімшарттар бойынша әскери техника мен қаруды шетелге жеткізуге жауапты.
Мәлімдемеде айтылғандай, америкалық сыртқы саясат басқармасы "Корея Республикасының билігіне CH-47F тікұшақтарын және онымен байланысты жабдықтарды шамамен 1,5 миллиард долларға" сатуды мақұлдады.
Хабарламада Сеул бұған дейін аталған 18 тікұшақты, қосалқы бөлшектер, қару-жарақ және олар үшін әртүрлі жүйелерді сатып алуға рұқсат сұрағаны көрсетілген.
Америка әкімшілігі бұл шешім туралы Конгреске хабарлап үлгерді. Енді заң шығарушы орган мәмілені 30 күн бойы қарайды.