Оңтүстік Корея әлемдегі жетекші 4 қорғаныс державасының біріне айналуды көздеп отыр

Олар отандық өндірістегі KF-21 жойғыш ұшағының алғашқы сериялық данасын таныстырған. 

Оңтүстік Корея әлемдегі жетекші 4 қорғаныс державасының біріне айналуды көздеп отыр Фото: wikipedia.org

Ел президенті Ли Чжэ Мён жоғары технологиялық авиацияны дамытуға инвестицияларды көбейтуге ден қоятынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, Оңтүстік Корея әлемдегі жетекші төрт қорғаныс державасының біріне айналуға қадам жасамақ. 

– Оңтүстік Корея ақыры құрлық және теңізде ғана емес, сонымен қатар әуеде бейбітшілікті қорғау үшін өз технологияларын пайдаланып қару жасап шығарды, – деді ол.

Ел 2015 жылы ескірген америкалық F-4 және F-5 жойғыш ұшақтарының орнына отандық дыбыстан жылдам жойғыш ұшақ сатып алу мақсатында KF-21 әзірлеу бағдарламасын іске қосып отыр. 

– Өз технологияларымызды пайдаланып жасалған және өз қолымызбен құрастырылған KF-21 жойғыш ұшақтары ақыры пайдаланауға беріліп жатыр. Бұл жойғыш ұшақ біз жарты ғасырдан аса уақыт бойы армандаған өзін-өзі қамтамасыз ететін қорғанысқа деген асыл ұмтылыстарды бейнелейді. KF-21 жойғыш ұшағының табысы біздің қорғаныс қабілетімізді нығайтып ғана қоймай, сонымен қатар Оңтүстік Кореяға әлемдегі жетекші қорғаныс державаларымен бәсекелесуге жаңа серпін береді, – деп сөзін нақтылады президент.

Ли Чжэ Мён елдің қорғаныс өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайту үшін Оңтүстік Кореяның қару-жарақ жүйелері мен әзірлеу саласындағы тәжірибесін серіктес елдермен бөлісуге уәде етті. 

Сеул Индонезияға 16 KF-21 жойғыш ұшағын экспорттау туралы келісімге қол қоюды жоспарлаған, бұл елдің отандық өндірістегі жойғыш ұшақтарды алғаш рет шетелге сатуы саналады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу