Оңтүстік Корея азаматын алдап кеткен такси жүргізушісі ұсталды

Ол шетел азаматынан жол ақысы үшін 4 мың теңгенің орнына 40 мың теңге алған. 

 Оңтүстік Корея азаматын алдап кеткен такси жүргізушісі ұсталды Фото: pixabay.com

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеке такси жүргізушісі әкімшілік заңнаманың үш бабы бойынша жауапқа тартылды. Оның ішінде "Алаяқтық, тұтынушыны алдау", "Қоғамдық орындарда азаматтарға тиісу", "Заңсыз кәсіпкерлік қызмет" бар.

Өз кезегінде 42 жастағы такси жүргізушісі өз кінәсін мойындады.

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай елімізге келген Германия азаматымен болған. Ол Алматыда такси жүргізушісіне әуежайдан қонақүйге дейін 45 мың теңге төлеген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу