Оңтүстік Корея билігі мигранттардың көмегімен демографияны жақсартпақ

203

Жақын арада ел астанасы Сеулге әйелдерге үй жұмысына көмектесуге 100-ге жуық филиппиндік жұмысшы келеді.

Оңтүстік Корея билігі мигранттардың көмегімен демографияны жақсартпақ Фото: canva.com

Оңтүстік Корея туу көрсеткішін өсіру мақсатында пилоттық бағдарламаны іске қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Financial Times-қа сілтеме жасап. 

Оған сәйкес, Сеул Оңтүстік Кореялық әйелдерге үй жұмысын жеңілдету және оларды балалы болуға ынталандыру үшін жалақысы төмен шетелдік үй қызметкерлерін жалдайды.

Жақын арада ел астанасы Сеулге 100-ге жуық Филиппиндік жұмысшылар келеді, олар үй күтушісі лауазымын алғанға дейін тілдік әрі мәдени дайындықтан өтеді. Егер пилоттық жоба сәтті болса, келесі жылдың ортасына қарай Оңтүстік Кореяға тағы 1200 адам келеді, деп атап өтті FT.

"Енді жұмыс істейтін ата-аналардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағы бір нұсқа бар, ол әйелдердің туу коэффициенті мен экономикалық өмірге қатысуын арттыруға көмектеседі", – деді бағдарламаға жауапты Оңтүстік Корея Еңбек министрлігінің менеджері.

Бағдарламаның жақтаушылары, мысалы, Сеулдің бұрынғы мэрі О Сехун бұл иммиграциялық заңнаманы жеңілдетуді ынталандыратынын атап өтті.

Газет жазғандай, бағдарлама бойынша елге келген үй қызметкерлері Оңтүстік Кореяда 3,5-тен 4,5 миллион вонға дейінгі нарықтық мөлшерлемемен ай сайын 2 миллион вон (шамамен $1,450) алады.

Кейбір саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және елдің қарапайым тұрғындары бағдарламаны сынға алады. Соңғылары, мысалы, қазіргі табыс көлемімен мұндай жалақыны төлей алмайтындықтарын айтады.

Оңтүстік Кореяда Дүниежүзілік Банктің 2021 жылғы мәліметтері бойынша әлемдегі ең төменгі туу коэффициенттерінің бірі — бір әйелге шаққанда 0,81 тіркеледі және болжам бойынша көрсеткіш биыл 0,68-ге дейін төмендеуі мүмкін, деп атап өтті FT. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) нұсқасы бойынша халықтың тұрақты санын қамтамасыз ету үшін бұл көрсеткіш 2,1-ден төмен болмауы тиіс.

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль маусым айында халықтың азаюына байланысты елде төтенше жағдай жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу