Қазақстанның Сеулдегі Елшілігінің қолдауымен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Medical Partner Korea медициналық клиникасынан COVID-19 індетін анықтайтын 1000 дана медициналық тестін сыйға алды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Хабарламада Оңтүстік Кореяның осыған дейін де елімізге түрлі медициналық қорғаныс құралдарын жолдағаны атап өтілген. Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяға осындай күрделі кезеңде көрсеткен мейірімді іс-әрекетіне алғыс білдіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу