Оңтүстік Корея COVID-19-ға қарсы шаралар мерзімін ұзартты

949

1 қарашада бұл елде "COVID-19 індетімен бірге" саясатын енгізген болатын.

Оңтүстік Корея COVID-19-ға қарсы шаралар мерзімін ұзартты

Оңтүстік Корея билігі коронавирустың "омикрон" деп аталатын штамының таралуына байланысты енгізілген шаралар мерзімін екі аптаға ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бастапқыда шектеулер 3 қаңтарға дейін созылған еді.

1 қарашада бұл елде "COVID-19 індетімен бірге" саясатын енгізді. Ол бойынша ақпан айының соңына дейін көптеген шектеулер тоқтатылуы тиіс. Қазіргі таңда Оңтүстік Корея халқының 90%-дан астамы вакцина ектірген. Алайда соңғы күндері науқастар санының артуы билікті шектеулерді қатаңдатуға мәжбүрлеп отыр.  

Қазір қоғамдық мекемелердің көпшілігі 22.00-де, клубтар, барлар және дискотекалар 21.00-де жабылады. Коронавирустың таралу қаупі жоғары орындарына, яғни барлық ойын-сауық орындарына, сауналарға, барларға, спорт залдарына, мейрамханаларға мен кафелерге, кинотеатрларға, кітапханаларға, мұражайларға вакцина ектіргендер мен ПТР тестінен өткендер ғана кіре алады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу