Оңтүстік Корея да карантинді ұзартты

762

Шектеу 14 ақпанға дейін енгізілді. 

Оңтүстік Корея да карантинді ұзартты

Корея Республикасының үкіметі карантин шараларын 14 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады. 

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрінің орынбасары Кан Де Хоның айтуынша, егер жұқтырғандар саны тағы да көбейсе, елде пандемияның екінші толқыны басталуы ықтимал. Билік карантинді бір аптадан кейін қайтадан ұзартуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта Сеул аймағында орналасқан елдімекендерде әлеуметтік қашықтықтың төртінші деңгейі енгізілді. Қалған аймақтарда үшінші деңгейі жарияланды. Сеулде, Кенгидо провинциясында және Инчхон қаласында төрт адамнан көп болып жиналуға, барлар мен түнгі клубтардың жұмысына тыйым салынды. Қоғамдық тамақтану орындарына 21.00-ге жұмыс істеуге рұқсат берілді. 
Өткен тәулікте бұл елде коронавирус жұқтырудың 305 фактісі тіркелді. Пандемия басталғалы науқастардың саны 78 мыңнан асты. Оның 68 мыңнан астамы ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғаит Нұрболат

Фото: timesofisrael.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу