Оңтүстік Корея дәрігерлері Нұр-Сұлтанда шеберлік сабақтарын өткізеді

911

Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықтың мақсаты – елімізге Орталық Азия елдерінен медициналық туристерді тарту. 

Оңтүстік Корея дәрігерлері Нұр-Сұлтанда шеберлік сабақтарын өткізеді

Оңтүстік Корея дәрігерлері Қазақстанда ота жасайды. Мұндай келісім Қазақстан Республикасы Президенті іс басқармасының медициналық орталығы делегациясының Сеулге сапары кезінде қол жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Орталық басшысы Алексей Цой Ёнсе университетінің клиника басшылығымен келіссөздер жүргізді. Тараптар Оңтүстік Корея дәрігерлері Нұр-Сұлтанда шеберлік сабақтар өткізуге және қазақстандық әріптестерін оқытуға келісті. Сонымен қатар Ёнсе университетінің дәрігерлері телемедицинаны қолдана отырып, Президенттік медициналық басқару орталығының пациенттеріне кеңес бере алады. Мұндай жабдық қазірдің өзінде Қазақстанда орнатылған.

Алексей Цойдың айтуынша, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықтың мақсаты – елімізге Орталық Азия елдерінен медициналық туристерді тарту. Бұл үшін медициналық орталық АҚШ, Германия, Испания, Ресей, Корея және Жапонияның жетекші клиникаларымен ынтымақтасады.

"Күрделі операцияларды біз әріптестерімізбен бірге Қазақстанда жасаймыз. Технология трансферті, яғни оқыту жұмыс орнында өтеді. Сонымен қатар біз бұл көмекті тек Қазақстан азаматтары үшін ғана емес, Орталық Азиядағы жақын көршілеріміз үшін де ұсына аламыз. Олар сапалы медициналық көмекті шетел дәрігерлерінен оның ішінде корей мамандарынан Қазақстанда да ала алады",– дейді Алексей Цой.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу