Оңтүстік Корея екпе салдырған туристерді карантинге жатқызбайды

724

Бұл – пандемиядан зардап шеккен әуе тасымалы мен туризм саласын жандандыруға бағытталған бастама.

Оңтүстік Корея екпе салдырған туристерді карантинге жатқызбайды

Оңтүстік Корея үкіметі коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен азаматтарына эпидемиялық жағдайы тұрақты елдерге сапарлауға рұқсат беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz мемлекеттік аумақтар және көлік министрлігіне сілтеме жасап.

"Бұл жоспар пандемиядан зардап шеккен әуе тасымалы мен туризм саласын жандандыруға бағытталған шаралардың бір бөлігі болып табылады", – деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта билік Сингапур және Тайваньмен өзара топтық туристік сапарларға қатысты келіссөздер жүргізуде. Таиландпен, Гуаммен және Сайпанмен де келісімге келу жергілікті биліктің жоспарында бар. Тараптар мәмілеге келсе, олардың азаматтары елге келген кезде екі апталық карантинге қамалмай, емін-еркін жүре алады.

8 маусымда Оңтүстік Кореяның жетекші бюджеттік тасымалдаушысы Jeju Air компаниясы Сайпанға бағытталған рейстерді қайта бастаған еді. Ол жаққа сапар жасауға деген сұраныс вакцинация қарқынына байланысты тұрақты түрде өсуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Фото: korea.net

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу