Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында

383

ҚР-ның Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Оңтүстік Кореяның сауда министрі Ан Док Гын жаңа бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. 

Оңтүстік Корея еліміздің экономикасындағы ірі инвесторлардың топ-10-дығының қатарында Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі Оңтүстік Кореямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда үлкен перспективалар көреді.

Атап айтқанда, бұған тауар айналымының серпінді өсуі дәлел: былтыр ол 2,3 есе өсіп, $6,1 млрд-тан асты, ал биылғы жылдың 8 айында тағы 11%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы 18 жылда Қазақстанға $9,2 млрд-қа жуық инвестиция тартылған.

Ал былтыр Кореядан келген тікелей инвестицияның жалпы көлемі 85%-ға өсіп, жаңа рекордтық – $1,5 млрд-қа жетті.

"Бүгінде жалпы құны $1,5 млрд болатын 5 жоба жүзеге асыруға дайын және жалпы құны шамамен $500 млн-дық тағы 25 перспективалық жоба әзірленуде. Айқын мысал ретінде, Қостанайдағы жылына 70 мың автокөлік өндіруге қуаты бар, инвестиция көлемі $190 млн жаңа ірі KIA зауытының құрылысын атауға болады", — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Ан Док Гын Оңтүстік Корея Қазақстанмен экономиканың әртүрлі саласы бойынша белсенді технологиялық ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

"Қазақстандағы KIA зауыты сияқты жобалардың маңызы зор. Егер ол сәтті жүзеге асырылса, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі үлгіге айналмақ. Бұл басқа да осындай зауыттар мен өндірістердің құрылысына ықпал етеді", —  деді Оңтүстік Кореяның сауда министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу