Бұл туралы "Рёнхап" агенттігі Чеи атындаға Перспективалық зерттеулер институтының сауалнамасының деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Сауалнама көрсеткендей, респонденттердің 76,6%-ы Оңтүстік Корея ядролық қаруды өзі жасауы керек деп санайды. Ал оған Сеулдің шамасы жетеді дегендердің үлесі біршама төмен — 72,4%.
Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі (77,6%) КХДР-ды ядролық қарудан бас тартуға көндіру мүмкін емес деп есептеді, ал 78,6%-ы Пхеньянның жаңа ядролық сынақ өткізетініне сенімді. Сонымен бірге, сауалнамаға қатысқандардың тек 51,3%-ы елге қандай да бір шабуыл жасалған жағдайда АҚШ Оңтүстік Кореяға "кеңейтілген тежеу" стратегиясы аясында әскери көмек көрсетеді деп санайды.
Сауалнамаға мыңға жуық адам қатысты. Агенттік зерттеу уақыты мен қателіктер туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермегенін ескертеміз.